Әлем
Өмірі пилот боп көрмеген қарапайым азамат бір ұшақ жолаушыны аман алып қалды. Оқиға АҚШ-тың Флорида әуежайында болған. Бұл жайлы Bugin.kz порталы «Голос Америки» Instagram парақшасына сілтеме жасап жазды.
Оқиға 10 мамырда болған. Багам аралдарынан Флоридаға қарай бет алған шағын Cessna 208 ұшағында апаттық жағдай орын алады.
«Жағдайымыз қиын. Ұшқыш есінен танып қалды. Ұшақты қалай басқару керегін білмеймін», - дейді Флорида штатының тұрғыны Дэвид Харрисон диспетчерлерге.
Бортта 3 адам болған. Харрисон диспетчерлерге өздерінің қайда екенін білмейтінін айтады. 20 жылдық тәжірибесі бар Палм-Бич әуежайының қызметкері Роберт Морган оған ұшақтың қайда ұшып келе жатқанын анықтауға көмектесіп, оны әуежайға қарай қалай бағыттау керегін түсіндіреді. Бока-Ратон әуежайынан шыққан ұшақ Палм-Бич әуежайындағы ұзынырақ ұшып-қону жолағына және басқа ұшақтар аз кезде қонуы керек болды.
Олар әуежайға аман-есен қонады. Аудиоға жазылған әңгімеде Морган басқа ұшқыштарға болған оқиға туралы айтып жатыр.
«Ұшақты қарапайым жолаушы қондыра алды ма? Керемет жұмыс», - делінген аудиожазбада.