Bugin
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі.
«2022 жылғы 13 мамырда Нұрсұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл 18 наурызда Гүлмира Сатыбалды рейдерлік бабы бойынша 2 айға қамауға алынған болатын.