Әлем

Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін дұрыс деп ойламайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын дұрыс деп ойламайды. Бұл туралы ТАСС жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Финляндия мен Швецияның арасындағы ахуалды бақылап отырмыз. Алайда жағымды жаңалық жоқ. Скандинавия елдері террористік ұйымдардың мекені ретінде қарастырылады», - деді ол.

Оның айтуынша, бұған дейін «Грекияға байланысты қателік кетті». Ал Анкара мұндай қателікті екінші рет жібергісі келмейді.

Айта кетейік, АҚШ Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтініштерін қолдайтынын хабарланған болатын.