Спорт

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) маусымда жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын қорғайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 25 маусымда АҚШ жерінде украиналық Иван Голубпен (20-1, 15 КО) қолғап түйістіреді.

Triller Fight Club промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатқан бокс кешінде Елеусінов пен Голуб 12 раунд бойы жұдырықтасады.