Bugin
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко Еуропалық Одақты «күйретеміз» деп қорқытты. Бұл туралы Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Грушконың айтуынша, егер Еуроодақ Украинаны Еуроодаққа тіркеуді бастау тәртібін мақұлдаса, бұл Еуроодақтың жойылғанын білдіреді.
Ресей Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Еуропаның халықаралық саудадағы рөлі төмендеп, экономикалық және саяси ықпал орталықтары Шығысқа қарай ауып бара жатқаны туралы ойларымен де бөлісті.
Бір күн бұрын Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Ресейдің Украинаның ЕО-ға кіруінің зиянсыздығына күмәні бар» деп мәлімдеген.
Ол сондай-ақ ЕО «өз амбицияларын Еуропа континентінен тысқары жерлерде жариялап жатқан агрессивті, содыр ойыншыға айналғанын» айтты.