Әлем
Ресей Федерациясының Украинаға қарсы соғысының себебі НАТО емес, Ресей президенті Владимир Путиннің демократия мен бостандық қозғалыстарынан қорқуы болды. Одақ ешқашан Ресей Федерациясына шабуыл жасау туралы ойлаған емес. Негізі Ресей басшысы бостандық пен демократиядан қорқады. Бұл туралы неміс депутаты, Бундестаг сыртқы саясат комитетінің мүшесі және отставкадағы полковник Родерих Кизеветтер DW-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Саясаткердің айтуынша, Ресей басшысы ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың өз елінде мыңдаған шерулер ұйымдастыра алатынын көріп, Беларуссияда азаттық қозғалысын қолдап көшеге шыққан жүздеген мың адамның әрекетін тамашалаған.
- «...Бұл Путин үшін дабыл болды: Ресей мен Беларуссияда 1989 жылғы оқиғалардың қайталануына жол бермеу керек (биыл коммунистік режим Шығыс Еуропада құлады - Ред.). Бостандық, демократия қозғалыстарынан қорқу Путиннің НАТО-ға емес, Украинаға қарсы соғысын тудырды...», - деді сұхбаттасушы.
Родерих Кизеветтер мамыр айының басында Украинаға барды - ол Киевте, сондай-ақ оккупацияда болған Киев облысының Ирпин қаласында болды.