Әлем
Финляндия Президенті Саули Ниинистё CNN арнасына берген сұхбатында Ресей Президенті Владимир Путиннің Финляндияның НАТО-ға кіру туралы шешіміне қатысты көзқарасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Жаңалықты сабырлы түрде қабылдағаны таңқаларлық жағдай болды», - деді ол.
Сонымен қатар Финляндия Президенті Ресей тарапынан елге тікелей қауіп төнетініне сенбейтінін айтты.
«Менің ойымша, олар сол кезде де, қазір де Финляндияға шабуыл жасауды жоспарламады», - деді Ниинистё.
Айта кетейік, мемлекет басшылары сенбі, 14 мамырда телефон арқылы сөйлесті. Кремльдің хабарлауынша, Путин фин әріптесіне Финляндияның НАТО-ға кіруі қате шешім болатынын айтқан. Себебі Финляндияның қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төнбейді.