Bugin
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру басталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы жазады.
Жеке автопаркті жаңартуды ынталандыру мақсатында ҚР азаматтарына жеңілдікпен несие беру бойынша автокөлік сатып алу, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту үшін «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен бағдарлама әзірленді.
Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені және Қазақстан өңірлеріндегі автобус паркін жаңартуға шамамен 30 млрд теңгені құрайды.
Несие беруді Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын болады.
Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ЕДБ-де түпкілікті қарыз алушыға қаржыландыруды ұсыну мерзімдерінің сақталуын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі болуы шарт.