Әлем

Путиннің сырқат екені рас па – Украина барлау қызметі жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина барлау қызметінің жетекшісі генерал Кирилл Буданов Ресей басшысы Владимир Путиннің сырқат екенін айтты, деп жазады Bugin.kz порталы.

Будановтың пікірінше, Путиннің саясатымен келіспейтін биліктің ең жоғарғы эшелонында отырғандар оны саясаттан аластатуға дайындалып жатыр. Бұл жөнінде генерал британдық Sky News телеарнасына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, Путин онкологиялық ауруға шалдыққан. Алайда Путиннің денсаулығы жайлы мәлімдемесін неге сүйеніп айтқанын нақты дәлелдемеді.

Ал The Times басылымы сенбі күні Ресей президенті Владимир Путиннің денсаулығы жайлы материал жариялады. Олар дереккөз ретінде ресейлік олигарх пен батыс инвесторы арасындағы аудиоәңгімеге сүйенеді. Ол жерде ресейлік бизнесменнің айтуынша, Путин қан обырына шалдыққан. Сонымен қатар ресейлік олигарх Украинаға шабуыл жасауға бұйрық берген Ресей президентінің «ақылынан адасқанын» айтты. Алайда олигархтың аты-жөні белгісіз.