Bugin

Арыстағы жарылыс: 48 кәсіпкерге өтемақы үш жылдан кейін төленбек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арыс қаласында 2019 жылы болған жарылыс кезінде нысандары бүлінген 48 кәсіпкерге өтемақы төленеді. Өтемақы бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Бұған дейін зардап шеккен 416 кәсіпкерге келтірілген шығын «Менің атамекенім» қайырымдылық жобасы аясында өтелді. Өтемақы сомасы 3,1 млрд теңгені құрады. Ал қалған кәсіпкерлердің тізімі жергілікті атқарушы органдарға берілген болатын. 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлердің және мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілген келіссөздерден кейін қалған 48 кәсіпкерге өтемақы төлеу мәселесі үкімет деңгейінде қарастырылды. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының әкімдігіне мәселені пысықтауды тапсырды.

Айта кетейік, 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймаларынан өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. Оқиғаның салдарынан 3 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алды.