Әлем
РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей «аумақтық дауға» байланысты Украинаның НАТО-ға кіруінен аяқ тартатынын айииы. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
- «Бізде Финляндиямен де, Швециямен де аумақтық дауларымыз жоқ. Ал Украина НАТО-ға мүше бола алады, ал кейін Ресей альянстағы мемлекетпен аумақтық дау-дамайға ұшырайды, бұл бүкіл құрлық үшін үлкен қауіп-қатер туғызады», - деді ол.
Оның айтуынша, Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруі Кремльді алаңдатып отыр.
- «Біз Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуының салдары қандай болатынын біздің қауіпсіздігіміз тұрғысынан да, практикалық тұрғыдан мұқият қадағалаймыз. Бұл сөзсіз қамтамасыз етілуі керек», - деді ол.