Bugin

Арыстанбек Мұхамедиұлының күдікке ілінгені расталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Антикор бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының күдікке ілінгені туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан мәлімет бойынша, Мұхамедиұлы ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша күдікке ілінген. 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды. Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді екен.