Bugin

Мұхамедиұлының үндеуінен соң оның үстінен кім арыз жазғаны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты Антикор іс қозғағаны, үйіне және жұмыс орнына тінту жұмыстарын жүргізгені белгілі болды. Осы ақпарат жария болғаннан кейін іле-шала «А.Мұхамедиұлы өзіне қол жұмсады» деген ақпарат шықты. Алайда көп ұзамай бұл ақпаратты Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы жоққа шығарды да, А.Мұхамедиұлы видеоүндеу жасады. Үндеу кезінде Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың атын бірнеше рет қайталады. Осы үндеуден соң іле-шала оның үстінен арыз түсірген кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

– «Иә, мен арыз жаздым. Оны жасырмаймын. Бұл өзі қасына адам жинайды да, оларды кейін сатып кетеді ғой. Сол сатып кеткен адамдары маған құжаттарды дайындап, әкеліп берді. Нақты дәлелдер бар. Ол құжаттардың бәрі менде тұр, соның бәрін келтіріп, үстінен арыз жаздым.

Оған қатысты құжаттарды әкеліп бергендер менің нақақтан-нақақ күйгенімді, қорланғанымды жақсы біледі. Ал мұны өздері айтуға қорқады» - деді Тұңғышбай Жаманқұлов.