Әлем
Мәскеуде ҰҚШҰ ұйымының мерейтойлық саммиті өтуде. Жиын барысында ұйымға мүше елдердің басшылары кезекпен сөз сөйлеуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Саммит кезінде сөз алған Ресей президенті Владимир Путин әңгіменің әлқиссасын ұжымдық қауіпсіздік ұйымының тиімділігінен бастады.
– «Биыл қаңтарда Қазақстан билігі ұйымға өтініш жасап, елде билікті күшпен басып алмақ болғандарға тойтарыс берілді. Біз әскери әлеуетімізді көрсеттік. Бұдан бөлек не істеуіміз керек екенін де айқындадық», – деген В.Путин «әсіреұлтшылдықпен бұдан әрі де күресе беретінін» ескертті.