Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапары аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге барды.
ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларының кездесуі 16 мамыр күні Кремльде өтті. Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевтан басқа, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ресей Президенті Владимир Путин, ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Станислав Зась қатысты.
Мемлекет басшысы Тоқаев кездесуде ҰҚШҰ-ның басты міндеттерін атады.
«Ауғанстандағы жағдай, сондай-ақ осы елдің аумағындағы қарулы топтардың белсенді әрекеті мемлекеттеріміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіріп отыр. ҰҚШҰ барлық ықтимал қауіп-қатерлерді ескеріп, Орталық Азияның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлуі керек деп есептеймін», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің әлеуетін нығайту жөнінде айтты.
«Біздің ойымызша, қазірдің өзінде ҰҚШҰ-ны БҰҰ-ның бітімгершілік қызметімен байланыстыру міндетін күн тәртібіне қою қажет. Бұл қадам Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының субъект ретіндегі құқығын нығайтады. Сондай-ақ Ұйымның бейбітшілікті сақтау жөніндегі халықаралық бітімгершілік операцияларға қатысу тәжірибесін қамтамасыз етеді», – деді Қазақстан Президенті.
Ал Ресей Президенті Владимир Путин биыл күзде ҰҚШҰ-ға мүше үш елдің - Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан аумағында оқу-жаттығу жиыны өтетінін айтты.
«Қазіргі кезеңде ҰҚШҰ қызметін әрі қарай жетілдіру және оның басшылық құрылымдарын оңтайландыру мәселесі - бірінші кезектегі маңызды шаруа екені толығымен қисынды. ҰҚШҰ ұжымдық күштерін заманауи қарумен және техникамен жарақтандыру, жауынгерлік контингенттің оперативті сәйкестігін ұлғайту, біздің әскери құрылымдар мен арнайы қызметтердің бірлескен әрекетінің үйлесімділігін жақсарту мәселелерімен де айналысамыз. Тиісті мәселелер тұрақты негізде ҰҚШҰ желісі бойынша өтетін әскери оқу жиындарында пысықталып отырады», - деді Ресей басшысы.
Кездесу қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық мәлімдемесін қабылдады.
ҰҚШҰ елдері басшыларының саммитінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен В.Путин кездесу өткізді. Президенттер екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сауда-экономикалық саладағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын талқылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61