Әлем

Путинмен келіссөз жүргізу ешкімнің қолынан келмейді – Берлускони

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони әлемде Украинадағы соғыс туралы Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізе алатын көшбасшы жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС жазады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Путинді келіссөз жүргізуге көндіретін президенттердің бірі оны қылмыскер деп атады... НАТО-ның бас хатшысы Донбасстың тәуелсіздігі ешқашан мойындалмайтынын айтты. Осыдан кейін Путинмен келіссөз жүргізу екіталай болмақ», - дейді ол.

Айта кетейік, биыл 24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Украинада әскери арнайы операция жүргізу туралы шешім қабылдаған болатын.