Әлем

Украинадағы соғыс. 300 күн. Америка халқы Байденді не үшін кінәлап отыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден 2021 жылдың шілдесінде инфляцияның өсуі уақытша екенін мәлімдеді. Десе де арада 300 күн өтсе де тауарлардың бағасы, оның ішінде газ құны өсуін жалғастырды. Бұл туралы «Newsweek» журналы жазады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мақала авторы Дарра Роуч «өткен жылдың 19 шілдесінде президент Ақ үйде сөйлеген сөзінде инфляция мәселесін қозғап, бағаның өсімі ұзаққа созылмайтынын және уақытша екені туралы айтқанын» жазды.

Оның айтуынша, 2021 жылдың маусым, шілде айларында инфляцияның жылдық деңгейі 5,4% құраған, бұл - кейінгі 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Алайда Байденнің сөзінен кейін де баға өсімі жалғаса берген.

«Инфляцияны 2%-ға дейін төмендету қандай да бір ауыртпалықтарға байланысты болады. Алайда ең ауыры - біздің бұған төтеп бере алмайтынымыз», - деген Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэллдің сөзін автор мақалада келтіреді.

Оның айтуынша, әлемдік оқиғалар инфляцияға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан бағаның өсуін төмендету мәселесін арнайы мамандар әрдайым бақылай алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Байден коронавирус пандемиясын және Путиннің Украинаға басып кіруін АҚШ-та болып жатқан инфляцияның негізгі себептері екенін айтқан болатын.