Әлем

Ресейге қысым көрсетуді жалғастырамыз – Блинкен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Берлинде Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лиз Трасс және Францияның саяси және қауіпсіздік жөніндегі бас директоры Филипп Эррерамен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Голос Америки» басылымына сілтеме жасап. 

Кездесуде одақтас мемлекеттердің Ресейдің Украинадағы агрессиясына қарсы әрекеттері талқыланды.

Блинкеннің айтуынша, НАТО-ның құрамындағы елдер Украинадағы соғыстың тезірек аяқталғанын қалайды.

«Сонымен қатар Украинаға қауіпсіздік тұрғысынан көмек көрсетуге дайынбыз. Қажетті уақытқа дейін Ресейге санкциялар арқылы қысым көрсетеміз», - деп мәлімдеді ол.