Әлем

«Z әрпіне» қарсы: Украина енді қалай әрекет етпек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей ыдырап кетпесе, Украинаны жеңу үшін бес айға дейін уақыт керек. Мұндай болжамды Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко Дмитрий Гордонға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «Мен адамдарды жек көрушіліктен сақтандырғым келеді. Біз жеңдік, Ресей ертең ыдырай бастайды, деген тұжырым жасаудың қажеті жоқ. Ресейді әскери жолмен жеңу үшін үш, төрт, бес ай қажет деп ойлаймын», - деді ол.

Геращенконың айтуынша, Путин режимі Ресейде Солтүстік Кореяға ұқсайтын басқару үлгісін құрған.

- «Ресей Федерациясымен арадағы мәселелер бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Өйткені олар өз жерінде Солтүстік Кореяны құрды. Сіздер Украинаға басып кіргеннен кейін, кеңестік кезеңдегіден де қатаң заңдар қабылданғанын білесіздер. Одақ шындығында диссиденттермен күрес жүргізіп жатыр. «Бейбітшілік үшін», «Фашизмге жол жоқ» деген ұрандармен митингіге шыққан адамдар ұсталуда» -, дейді министрдің кеңесшісі.

Геращенко Ресей Федерациясында «Z әрпі» культі салынғанын, оған Украина жауап беруге дайындалып жатқанын еске салды.

- «Айтпақшы, біздің ақпараттық соғыс тобы Z әрпі культіне қарсы тұруды ойластырып жатыр. Оны жақын арада көресіздер. Ол өте қызық жағдайда жүзеге аспақ.  көпшілік бұл культті өзгерту оңай болғанына таң қалады. ресейліктердің өздеріне қарсы. Мен «есек» және басқа да зиянды сөздерді айтпаймын, одан да қызықты ақпараттық технологиялар бар», - деді ол.