Bugin

Путин: «ҰҚШҰ Қазақстанда оқу жиынын өткізеді»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл күз айында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қазақстанда әскери оқу жиынын өткізеді. Бұл туралы Владимир Путин 16 мамырда өткен ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей президентінің айтуынша, ҰҚШҰ ұжымдық күштерін заманауи қарумен және техникамен жарақтандыру, жауынгерлік контингенттің оперативті сәйкестігін ұлғайту жұмыстары жоспарланған.

– «Қазіргі кезеңде ҰҚШҰ қызметін әрі қарай жетілдіру және оның басшылық құрылымдарын оңтайландыру мәселесі – бірінші кезектегі маңызды шаруа екені толығымен қисынды. ҰҚШҰ ұжымдық күштерін заманауи қарумен және техникамен жарақтандыру, жауынгерлік контингенттің оперативті сәйкестігін ұлғайту, біздің әскери құрылымдар мен арнайы қызметтердің бірлескен әрекетінің үйлесімділігін жақсарту мәселелерімен де айналысамыз. Тиісті мәселелер тұрақты негізде ҰҚШҰ желісі бойынша өтетін әскери оқу жиындарында пысықталып отырады. Ол оқу жиынын біз әрі қарай кеңейтуге ниеттіміз. Биыл күзде Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда біздің ұйымның оқу жиындарының тұтас сериясын өткізу жоспарланған. Бұл шаралар мемлекеттеріміздің әскери дайындығы мен әскери құрылымдарының үйлесімділігінің артуына, жалпы бітімгерлік әлеуеттің күшеюіне мүмкіндік туғызатынына сенімдімін», – деді Владимир Путин.