Weekend
Бұл сәйкестік пе?
Өткен ғасырдың еншісінде жатқан, одан арысы антикалық дәуірдің, миф пен пәлсапаға арқау болатын түрлі құпияға толы құбылыстар бар. Мысыр пирамидаларынан бастап адам ақылы жетпейтін құрылыс жұмыстарын жүргізген ежелгі адамдардың (бәлкім ғайыптан келген күш) еңбектері қазіргі ғалымдардың басты тақырыбына айналып кеткелі қашан.
«Бермуд үштағаны» немесе «Бермуда ұшбұрышы» туралы бәріміз білеміз. Атлант мұхитындағы Оңтүстік Америка мен Солтүтсік Американы бір-біріне жалғайтын, Бермудтан бастау алып, Порта-Рика аралдары арқылы Маями жағалауына дейін жалғасып жатқан үшбұрышты мүйіс.
Бұл Бермуд үштағаны туралы зерттеу жұмысы ХХ ғасырдың бел ортасынан басталды. Себебі, А нүктесінен В нүктесіне ұшып шыққан ұшақ осы аймақтан өтсе із-түссіз жоғалып кететін болған. Ғайыпқа сенбеген ғалымдардың басын да қатырған осы мәселе. Ұшақтар қайда жоғалып кетеді? Теорияға салып, физикалық бағыттан дәлелдеуге тырысқан ғалымдар ұшақтардың белгілі бір толқынға түсіп басқа әлемге не басқа аймаққа түсіп кетуі мүмкін деген ой айтқанымен, жоғалғаны әлі табылған емес.
Ақпарат іздей бастасаңыз, Бермуд тылсымына байланысты бірнеше пікірге, көзқарасқа ұрынасыз. Ең қызығы ешкімнің нақты дәлелі немесе айғағы жоқ. Тек теориялық болжам бар. Ал ислам дінінің, адамзаттың асыл тәжі болған пайғамбардың (с.а.с): «Шайтанның тағы теңіздің бетінде салтанат құрған» деген хадисі қалған.
Бұл Бермуд үшбұрынышың құпиясы. Ал аталған құпияға толы үшбұрыштың «қазақ халқына, оның ішінде үш биге қатысы қанша деген?» сұрақ туындауы мүмкін. Алдымен ұшбұрыштар құпиясына бір үңіліп алсақ.
«Символдардың құпиясы» кітабында ұшбұрыш бұл – өмірдің басы, ортасы және соңы; жер, аспан мен су деп саналады. Ұш бұрыштың сәйкесінше бірігіуі – ынтымақтастық пен алынбас бірліктің де негізін көрсетеді.
Үшбұрыш туралы толық зерттеу жасалған жоқ. Символдар ішінде әлі де болса құпия болып келе жатқан ұшбұрыш туралы түсінік, ғалымдарды теориялық жақтан тылсым күшке жетелей береді.
Қазақтың үш биі
Руға бөлініп, тегін таныған текті елдің тарихында үш би өмір сүрді. Олар: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Үш би үш жүздің негізі болды. Ұлы жүз – Төле би. Орта жүз – Қазыбек би және Кіші жүз – Әйтеке би.
Үш би мемлекеттік саяси мәселелердің басында болды. Олардың ақылы мен халық ішіндегі беделі ең жоғары статусқа да ие болды. Үш бидің ішінде «Төбе би», «Қарлығаш би» деп аталып кеткен Төле бидің мәртебесі де биік. Себебі, ол тек Ұлы жүздің ғана емес, бүкіл қазақ халқының ортақ биі ретінде бас болып көрініс берді.
Қазақтың үш биі қайда жатыр?
Төле би. Өзбекстан. Ташкент.
Төле би кесенесі Өзбекстанның бас қаласы Ташкенттегі «Шехантаур» архитектуралық кешенінің артында орналасқан.
Әйтеке би. Өзбекстан. Нұрата.
Әйтеке би кесенесі Өзбекстанның Нұрата елді мекенінде орналасқан. Бұл Ташкенттен 400 шақырымдай жерде жатыр.
Қазыбек би. Қазақстан. Түркістан.
Қазыбек би құлыптасы өз елімізде, Түркістанда орналасқан. Анығын айтқан кезде Қазыбек бидің құлыптасы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде орналасқан.
Жекелей алған кезде осындай ақпарат бердік. Ал енді аталған жерлердің жалпы әлемдік карта арқылы қарап көрсек. Яғни, үш бидің жатқан жерін Google және Яндекс карталары арқылы төбесінен қарасақ.
Көріп тұрғандай, үш бидің жатқан жері түзу үшбұрыш формасын жасап тұр. Тіпті басқа емес, дәл осы үш бидің бұлай орналасуы да, олардың түркі жұрты үшін үлкен рөл алатынын ескерсек, бұл жай ғана сәйкестік болуы мүмкін емес.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, үшбұрыш ішінде жатқан жерлерге мән берсеңіз, негізінен дала. Елді мекен Өзбекстан жағында көп кездеседі демесеңіз, басым бөлігі дала. Жер мен аспан және су деген теорияға негіз болсақ, далалы аймағы – жер, көк астында болғаннан кейін бұл – аспан және бір емес бірнеше су қоймалары мен өзен-көлдердің бойында тұр, бұл – су.
Үш нүктенің тоғысында орналасқан үш бидің кесенесі сәйкестік деуге келе ме? Мәселен, Бермуд үштағанын зерттей келіп, карта арқылы қараған кезде ғана оның үшбұрыш құрап тұрғанын, дәл сол аймақтың тылсым екенін анықтады. Ал басқа емес, қазақтың үш биінің үш түрлі жерде жерленсе де, дәл осылай карта арқылы түзу үшбұрыш сызығын құрауы қаншалықты маңызды?
Біз білмейтін ақиқаттың кілті осы үшбұрыш ішінде жатыр.