Bugin
Қазақстанда бүгінгі дейін 35 мың Ресей азаматына ЖСН беріліпті. Ал жалпы 93 мың адам ЖСН нөмір алған екен.
Бұны қоғам белсенділері «Карточкалық тур» деп атады. Бұл жайлы Inbusiness жазды.
Ресей азаматтарының Қазақстанда жаппай ЖСН нөмірін алуға ұмтылуының негізгі себебі – өз елінде тыйым салынған банк операцияларына қол жеткізу. Яғни, Mastercard, Visa карточкаларын алып, валюта аударымдарын жасау.
Қоғам белсенділері мұны қауіпті жағдай деп бағалауда.
«Елімізде тегін, ешқандай тексеріссіз, тіпті жеке келмей-ақ, кез келген жергілікті азаматқа сенімхат беру арқылы ЖСН алуға болады. Олар (ресей азаматтары – ред.) мұны тыйым салынған операцияларын жасау үшін алып жатыр. Батыс салған санкциядан Қазақстан арқылы айналып өтпек. Бұл бүкіл елге қауіп төндіреді. Өйткені Батыс елдері мигранттар мен қаржы ағынын қадағалап отырғаны құпия емес», - дейді қоғам белсендісі Мұрат Әбенов.