Қоғам

Әйелдерге арналған вагондар ер адамның құқығын шектей ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда әйелдерге арналған пойыз вагондары қызметіне қатысты шағым түсірген жағдай тіркелді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді, деп жазады Bugin.kz порталы.

«Әйелдерге арналған вагондардың іске қосылуына байланысты құқығымыз шектелді деп шағым жазған ер адамдар болды. Әйелдер арнайы вагондардың болуын қуана қабыл алды. Өз кезегінде ер адамдар да мұндай жаңашылдықтарды қолдауға тиіс. Ұзақ сапар кезінде әйелдерге кеудесін жауып отырып бала емізуге тура келеді. Бұл ыңғайсыздық туғызады», - деді Жұмабайұлы.

Мәлімет бойынша бүгінде әйелдер вагоны 3 өңірде 8 бағыт бойынша қатынайды. Атап айтатын болсақ, Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Алматы – Ақтөбе және Нұр-Сұлтан – Шымкент бағыттары.