Bugin
Ресей әншісі Лев Лещенко Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығына не үшін келгені анықталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы жазады.
«Мен досым, бұрынғы премьер-министрдің туған күніне келдім. Жай ғана туған күнін атап өттік. Бір жағынан Қазақстанға келгенімді пайдаланып ХҚКО-дағы бір шаруамды бітірдім. Халық мені Қазақстанда қалады деп ойлап қалса керек. Жоқ, негізінде олай емес. Байқоңырдан Марсқа ұшу үшін құжаттар жасаттым.
Бұл ақпараттың ақылға сыймайтынын түсініп тұрған шығарсыз», - деді Лещенко.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде әнші ХҚКО-да жүрген суреттер тарап кетті. Қолданушылар әртіс мемлекеттік қызмет түрі мәселелері бойынша келгенін жазған.