Әлем
Кеше, 17 мамыр күні Бішкекте Жас гвардия бульвары мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:20-да Қырғызстандағы Ресей елшілігінің көлігі адам қағып кетті. Бұл туралы Патрульдік милицияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Bugin.kz порталы.
Ведомствоның баспасөз қызметінің айтуынша, ер адам жолға жүгіріп шыққан, мас күйде болуы мүмкін.
Оны жедел жәрдем көлігі алып кетті. Оқиға орнында милицияның патрульдік қызметі басқармасы жұмыс істеп жатыр.