Bugin

Батырхан Шүкеновтің құрметіне коллекциялық монеталар шығарылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Қазақстан Ұлттық банкі Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі мәлімдеді.

18 мамырда дарынды композитор және әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толады. Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталары «Қазақстанды монеталар арқылы таны» атты жаңа серияны ашады.

«Street art. BATYR BEINESI жаңа монетасы заманауи өнер мен Батырхан Шүкеновті мәңгі есте қалдыру секілді бірден екі мағыналық желіні біріктіреді. Бұл – ҚҰБ-тың стрит-арт сияқты қазіргі заманғы жастар өнерін қолдауға арналған алғашқы коллаборациялық монета жобасы», делінген хабарламада.

Монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі – REPAS командасының «Батыр бейнесі» граффитиі бейнеленген. Авторлардың бастамасы бойынша оны монетаның дизайнында пайдалану құқығы ҚҰБ-қа өтеусіз негізде берілді.

Монеталар proof сапамен күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана.

Коллекциялық монеталар нақты құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк шоттарында аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Күмістен жасалған монеталар кәдесый орамында мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификатымен шығарылады.