Әлем

Украина қорғаныс министрі: «Ресей ұзақ мерзімді соғысқа дайындалып жатыр»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей ұзақ мерзімді соғысқа дайындалуда. Бұл туралы Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

Оның мәлімдемесі Мадридте өтетін НАТО саммитіне байланысты жазылған.

- «Ресей ұзақ мерзімді әскери операцияға дайындалуда. Соғыс ұзаққа созылатын кезеңге өтуде. Біз Херсон облысында, Запорожье облысында орыс басқыншылары инженерлік-бекіту жұмыстарын тәртіпке сай белсенді түрде жүргізіп жатқанын көріп отырмыз. Біз қажет болған жағдайда қорғанысқа көшеміз», - деп жазды министр.

Ол сондай-ақ Беларусь әскерлері Украинамен шекараға жақын жерде белсенді маневрлер жасап жатқанын, егер Мәскеу Минскіні басып алуды жоспарласа, Украина армиясына күштерді резервте ұстауға мәжбүр ететінін айтты.

- «Осыны ескере отырып, біз жауды тезірек жеңіп, территорияларымызды азат еткіміз келеді. Ресейдің қақтығысты созып жіберуіне жол бермеу керек. Сондықтан біз халықаралық көмек алуға, қаруды мүмкіндігінше тез және қажетті мөлшерде сатып алуға тырысудамыз», - деді ол.

Резников Одақтың Украинаның болашағын қалай көретінін білгісі келетінін жеткізді.

- «НАТО-ның алдағы 10 жылға арналған стратегиялық тұжырымдамасы қабылданады. Шығыс шекарасын қорғау мүддесі байынша Еуропа үшін Украина қандай орын алады? Біз бәріміз Еуропаның қауіпсіздік архитектурасын қалпына келтіруді ойлап жатырмыз? Украина сенімді қауіпсіздік серіктесі бола алатынын дәлелдеді», - делінген үндеуде.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61