ДАМУ

Өлімге жеткізетін ең қауіпті кітап (фотодерек)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемдегі ең қауіпті кітапты 1874 жылы дәрігер Роберт Кедзи «Өлім қабырғаларынан түскен көлеңкелер» деген атпен шығарды. Ендеше адамды оқыған сәттен бірден өлім салдарына әкелетін кітаптың тарихына тоқталып өтсек. Бұл туралы Bugin.kz порталы Unworld сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқырманды өлтіретін әлемдегі ең қауіпті кітап 

Әлемдегі ең қауіпті кітаптың атауы «Өлім қабырғаларынан түскен көлеңкелер». Кітапты 1874 жылы американдық азаматтық соғыс хирургы, химия профессоры, доктор Роберт М. Кедзи басып шығарды. Бұл оғаш кітаптың 100 бетінің 86-сы мышьякпен пигменттелген тұсқағаздардан тұрады. 

Мұндай өлімге әкелетін тұсқағаздар үйді безендіру үшін пайдаланылған. Ол замандарда мышьяк жұтқан жағдайда адамды өлтіретін белгілі улы зат болатын. Алайда, оны бояу қоспасы ретінде қолданған кезде адамды өлтіретін қасиетке ие деп ешкім ойлаған жоқ. Түсқағаздың түстерін жарқын ету үшін ол пигментке қосылды. Кедзи бұл мәселені зерттеп, кітапты адамдарға ескерту ретінде басып шығарды. 

XIX ғасырдың аяғында АҚШ-тағы барлық тұсқағаздардың шамамен 65 пайызында мышьяк болған. Доктор Кедзи оның кейінірек ғылыми фактіге айналатынын бұрыннан білген. Уақыт өте келе тұсқағаз тұрғындарды баяу өлтіретін уды белсенді түрде шығара бастады.  

- «Мышьяк ауаға, тамаққа, адамдардың қолына түсіп, оларды ақырын өлімге жеткізеді». 

Мышьякпен толтырылған тұсқағаздар тудыратын өлім қаупі туралы халықты хабардар ету үшін Роберт М. Кедзи әлемдегі ең қауіпті кітабының 100 данасын шығарды. 

Ол оларды Мичигандағы қоғамдық кітапханаларға жіберді. Кітапханаға арнайы жазба қоса берілді. Ол кітаптың мақсатын түсіндіріп, кітапханашыларға балалардың кітап беттеріне қол тигізбеуін қадағалауды ескертті. Кітапханаға келген кез келген адам каталогпен танысып, оның тұсқағазының өлімге әкелетін декорация екенін біле алады. 

Unworld

Unworld
«Өлім қабырғаларынан түскен көлеңкелер» кітабының ламинатталған нұсқасы 

Өлім кітабының мәні мен тағдыры 

«Өлім қабырғаларынан түскен көлеңкелер» кітабында Кедзи саудагерлерден алған ондаған тұсқағаз үлгілері бар. Олардың барлығы мышьякпен қаныққан. Кітап көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуына көмегін тигізді.  

Дегенмен, кітапты қарау да ықтимал өлімге әкелетін оқиға болды, өйткені беттер тура мағынасында уға малынған. Кедзидің теориясы дұрыс болған кезде, оның көшірмелерін алған кітапханалардың көпшілігі кітаптарды жойып жіберді. Олар оны қоғам үшін өте қауіпті деп санады. 

Бұл таңғажайып оқиға. Бұл кітаптың 100 түпнұсқасынан бүгінгі күнге төртеуі ғана жетті: 

екеуі Мичиганда, доктор Кедзидің туған штатында қалды (біреуі Мичиган мемлекеттік университетінде) 

біреуі Гарвард медициналық мектебінде 

тағы біреуі Ұлттық медицина кітапханасында, олар оны сканерлеп, онлайн режимінде қол жетімді етті. 

«Өлім қабырғаларынан түскен көлеңкелер» кітабының көшірмелерін өңдеу және сақтау оңай жұмыс емес. Әрбір бет пластик пленкамен оралған. 1998 жылы көшірмеге арнайы қолғап киген адамдар ғана қол тигізе алатын еді.  

Unworld

Unworld