Bugin

Ресейлік саясаткер: «Бастапқыда бәрі «есі дұрыс президент» келгеніне қуанды» (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

НАТО мен ЕуроОдақ Ресеймен қарым-қатынас орнатуға неліктен келіспеді? Бұл сұраққа ресейлік саясаткер әрі жазушы Ирина Хакамада RTVI арнасына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «2002 жылдан кейін Кремль консерватизмге бет бұрды. Норд-Ост, НТВ және еркін БАҚ жойылды. Мен мұның кездейсоқ оқиғалар емес екенін, Кеңес Одағының идеологиясына деген регрессивті үрдіс қалыптасқанын түсіндім. 2000-2008 жылдар аралығы дағдарысқа дейін экономикалық өркендеу кезеңдері болды. Ол кезде бәрі «бізде есі дұрыс президент» бар деп қуанған еді. Барлығы болашақта нарық пен демократияны сақтайтын, жүйелі әрі дамыған жаңа дәуір келеді деп үміттенді. Президент Путиннің алғашқы сөздері өте либералды болды. Ол НАТО-мен де, Еуропалық Одақпен дежақсы қарым-қатынас орнатқысы келді.  Алайда, НАТО мен ЕО Ресей үлкен, демократиялық емес және ядролық қаруы бар ел болғандықтан мұндай байланыстың қажеті жоқ деп шешті» - дейді саясаткер.