Bugin

Әйелін лифтіде соққыға жыққан ер адам AMANAT партиясы мүшесінің ұлы болып шықты (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әйелін ұрып-соққан астаналық тұрғынның анасы AMANAT партиясының мүшесі, депутаттыққа үміткер Гүлайым Шұңғараеваның ұлы болып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ол туралы ақпарат әлеуметтік желідегі аккаунттарынан өшірілді. Ал, Гүләйім Шұңғараеваның өзі ұлын қорғамайтынын айтты.

– «Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл Шымкентте емес, Нұр-Сұлтанда болды. Олар ол кезде менімен бірге тұрмайтын еді. Мен ұлымды ақтамаймын», – дейді Гүләйім Шұңғараева.

Алайда, жәбірленушінің айтуынша, Шұңғараева қайын енесі ретінде отбасындағы жағдайды біліп, сабырға шақырып: «Бәрі осылай өмір сүреді, уақыт өте бәрі өзгереді» деп қайта-қайта айтқан.

Әйелін ұрып-соққан Гүләйім Шұңғареваның ұлы Елнұр Бәйметов Шымкенттегі «GENERAL SROY GROUP» құрылыс компаниясын басқарады.

Әйелді аяусыз ұрып-соғу видеосы бір күн бұрын пайда болған, бірақ шабуылдың өзі наурыз айында орын алған. Зардап шеккен Аружан Байметова мән-жайды айтып берді. Ол келесі күні таңертең күйеуі оны тағы да ұрып-соққанымен, шабуылдың бір фактісі бойынша ғана қылмыстық іс қозғалғанына шағымданды. Полиция оның мәлімдемесіне түсініктеме берді:

– «Осы өтініш бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі Д.П. Қылмыстық кодекстің 107-бабы («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғады. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жәбірленушінің денсаулығына орта ауырлықтағы зиян келтірілген. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды».

27 наурызда Нұр-Сұлтанда әйелді күйеуі аяусыз соққыға жыққаны камераның объективіне түсіп қалған. Дәрігерлер жәбірленушінің қабырғасы мен көкірек сүйегінің сынуы және омыртқасының компрессиялық сынуы деген диагноз қойды.