Bugin

Путин қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбритания Украинадағы соғысқа байланысты Путинге қатысты халықаралық трибунал құру идеясын қолдайды. Олар Ресей президенті Владимир Путин мен  ресейлік шенеуніктерді Украинадағы қылмыстары үшін жазалау қажет екенін айтуда. Бұл туралы Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы The Guardian радиосына сілтеме жасап.

- «Біз Украинада жасалып жатқан соғыс қылмыстарының артында тұрғандардың барлығы жауапқа тартылуы ктиіс деп ойлаймыз. Біз қазір Халықаралық қылмыстық сотпен тығыз жұмыс істеп жатырмыз», - деді Трасс.

Ол Украинаға қылмыстардың дәлелдері мен куәгерлердің сөздерін жинау үшін сарапшылар жібергенін айтты.

- «Мен Украина үкіметімен трибунал идеясы туралы сөйлестім. Біз трибунал идеясына ашықпыз. Қазір оны қарастырып жатырмыз. Бірақ қылмыстық әрекеттерді жасаған адамдарды жауапкершілікке тартудың ең тиімді әдісін қалаймыз. Егер трибунал бұған көмектесетін болса, онда Ұлыбритания оны қолдау мүмкіндігін қарастырып жатқаны сөзсіз», - деп сендірді Трасс.