Bugin

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Бұл жайлы Үкіметтің ресми сайты хабарлады.

«ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Үкімет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны және өңірлік өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығына тоқталды. Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин өзара қызығушылық тудыратын негізгі экономикалық салалар бойынша стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті», - дейді ресми сайт.