Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРесейлік гимнаст Иван Куляк қоссырақ жарысының жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде киіміндегі Z әрпі үшін бір жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық гимнастика федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Федерацияның тәртіптік комиссиясының айтуынша, 20 жастағы спортшы Халықаралық гимнастика федерациясының жарғысын, оның тәртіптік-этикалық кодекстерін, сондай-ақ техникалық регламенттерді бұзды. Куляк қола медаль мен 500 швейцарлық франк көлеміндегі ақшалай жүлдені қайтаруы және екі мың франк көлемінде сот алымдарын төлеуі керек.
Оқиға наурызда көркем гимнастикадан Дохада өткен әлем кубогы кезінде болған. Марапаттау рәсімінен түсірілген видеоларда Куляқтің киіміндегі Z әрпі көрсетіледі.
Айта кетейік, Z және V әріптері көбіне ресейлік әскери техникаға, Ресей әскерінің Украинаға басып кіруінің символы ретінде жазылады.
«Бізбен ақылдаспады. Бұл - оның жеке бастамасы. Біздің жігіттер - Ресейдің патриоттары. Ол бізге ештеңе айтпады», - дейді спорттық гимнастикадан Ресей құрамасының аға бапкері Валентина Родионенко.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61