Қоғам
Автонесие берілген алғашқы күндері 14 мың қазақстандық автосалонға барып өтініш берген, деп жазады Bugin.kz порталы.
16 мамырда басталған аталмыш жоба халықтың назарын аудара білді.
Қазақстандағы автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, елімізде тәулігіне 14 мың адам дилерлік орталықтарға өтініш берген.
Алғашқы күндері 3,4 мың адамның 26,4 миллиард теңгені құрайтын өтініші мақұлданды.