Bugin
Нұр-Сұлтан қаласында құрылысы басталып, аяқсыз қалған LRT бағандары бұзылып жатқан жоқ. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, деп жазады Bugin.kz порталы.
«Әлеуметтік желілерде «LRT конструкцияларын бұзып жатыр» деген видео тарап кетті. Осыған орай таралған видеоның өткен жылы түсірілгенін ресми түрде хабарлаймыз. Аталған бейнежазбада қытайлық консорциум жалдаған техниканың жұмысы бейнеленген. Бұл техника құрылысқа қажет бөренелерге арналған технологиялық негізді талдау үшін жалданған. Елордада LRT құрылысын демонтаждау бойынша ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ», - деді компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева.