Bugin
Канн кинофестивалінің ұйымдастырушылары танымал актер Том Крузға тосын сый жасап, құрметті «Алтын пальма бұтағын» табыс етті. Бұл туралы ұйымдастырушылар Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Том Крузға «Топ Ган: Маверик» фильмінің көрсетілуінің алдында құрметті «Алтын пальма бұтағы» табысталды», - делінген хабарламада.
Бұл сирек сыйлық ерекше жағдайларда беріледі. Круз - бұл атаққа ие болған үшінші американдық актер. Бұған дейін Форест Уитакер мен Джоди Фостер марапатталды.
59 жастағы Круз «Топ Ган: Маверик» фильмінің премьерасына қатысу үшін 30 жылдан кейін алғаш рет Каннға оралды. Ұйымдастырушылар оған алдын ала тосын сыйлар дайындап қойған. Оған 1000 киносүйер қауымның басын қосқан шеберлік сабағын өткізу тапсырылды. Сонымен қатар, «Top Gun» және оның жалғасы «Top Gun: Maverick» фильмінде ұшқыш Питер «Маверик» Митчеллді сомдаған американдық кинематографияның жұлдызын Patrol de France пилотаждық командасы қарсы алды.