19 жастағы ана 4 жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

17 мамырда Алматы облысы Сарқан ауданындағы қалалық қоқыстан 4-5 жасар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Полицейлер баланы және оның анасын тез арада анықтап үлгерді. Баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оның айтуынша, қыз 2017 жылы туылған, ол церебральды сал ауруына шалдыққан, сонымен қатар туа біткен ақыл-ой кемістігі бар.

Ағымдағы жылдың ақпан айында бала ауырып, кенеттен қайтыс болды деген болжам бар. Соған байланысты әйел мен оның ағасы қызды қала шетіне жасырын жерлеуге шешім қабылдаған.

- «Фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Екеуі де Күдіктілер куәлік беру үшін аудандық полицияға жеткізілді», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61