Bugin

Байденнің Азияға сапары кезінде Солтүстік Корея ядролық сынақ өткізуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байденнің Жапония мен Оңтүстік Кореяға сапары кезінде Солтүстік Корея зымырандық немесе ядролық сынақтар өткізуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

- «Біздің барлаушылар зымыран сынақтарын, соның ішінде алыс қашықтықтағы зымыран сынақтарын немесе ядролық сынақтарды, Президент Байденнің аймаққа сапары басталған күні немесе екінші күні өткізудің нақты мүмкіндігі туралы айтады. Біз оқиғаларды дамытудың барлық мүмкін нұсқаларына дайындаламыз», - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, бұл ақпаратты Reuters агенттігі де растады. Олардың айтуынша, АҚШ пен Оңтүстік Корея шенеуніктерінің мәліметі бойынша, КХДР құрлықаралық баллистикалық зымыранын кезекті сынағына дайындап жатыр.

Айта кетейік, Байден 19 мамырда Оңтүстік Кореяға аттанады. Онда ол президент Юн Сок Ёлмен кездеседі, одан кейін Жапонияға барады. Токиода АҚШ президенті Жапония, Австралия және Үндістан басшыларымен кездеседі.