Әлем
Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Украинаның ЕуроОдақ мүшелігіне толыққанды үміткер мәртебесін алғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Кейбір еуропалық астаналар соңғы жылдары қолданып жүрген Украинаның еуропалық перспективасына қатысты стратегиялық белгісіздік сәтсіз аяқталды. Бұл тек Путинді жігерлендірді. Бізге Украинаға екінші дәрежелі көзқарасты көрсететін мүшелікке кандидат мәртебесін алу үшін суррогаттардың қажеті жоқ», - деді Кулеба.