Әлем

АҚШ-та Зеленский туралы комикс жарық көрді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық TidalWave Productions комикстерді шығару студиясы Владимир Зеленский туралы ағылшын тілінде комикс шығарғанын хабарлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Комиксті сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі Халықаралық Қызыл Крест комитетіне аударылатыны атап өтілді.

- «TidalWave танымал саяси бағыттағы комикс сериясына Владимир Зеленскийдің өмірбаянының қосылғанын мақтанышпен хабарлайды. Саяси билік: Владимир Зеленский 18 мамырда шығады», - делінген студияның сайтында.

22 беттік комикс баспа және электронды форматта қолжетімді болады.