Әлем

НАТО бас хатшысы: «Ресей Украинадағы стратегиялық мақсатына жете алмады»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Украинадағы стратегиялық мақсатына жете алмады. Алайда олар соғыстан әлі де болсын бас тартпайды. Бұл туралы НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

- «Біз Ресейдің Украинадағы стратегиялық мақсатына жете алмағанын көріп отырмыз. Жоспар Киевті алу болатын, олар оны орындай алмады. Содан кейін Ресей де Харьков пен оның төңірегінен кетуге мәжбүр болды, ал Донбасстағы шабуыл тоқтап қалды», - деді Столтенберг.

Бас хатшы Альянс соғыстың қанша уақытқа созылатынын болжай алмайтынын қосты. Столтенберг Украинаның НАТО-ға мүше елдердің қолдауымен жеңіске жететініне де сенімді.

- «Сонымен бірге біз Ресей өзінің стратегиялық мақсаттарынан бас тартты дегенге сенбейміз. Сондықтан бұл соғыс ұзаққа созылуы мүмкін. Сонымен қатар бұл НАТО одақтастары әрекет етуге дайын болуы керек дегенді білдіреді. Украинаны ұзақ уақыт бойы қолдау керек болады», - деп қосты ол.