Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстанның бұрынғы экономика, білім және ғылым министрі болған, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқарған Жақсыбек Құлекеев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Елбасы» мәртебесін беруді ұсынды. Бұл туралы Құлекеев Nege.kz сайтына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жақсылық Құлекеев 5 маусымда болатын референдумды мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі деп есептейді.
– «Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар ісімізді, еңсерер меже-міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып, жүйелі жүргізе аламыз.
Елбасы кезеңінде референдум болған жоқ. Соның салдарынан халық пен билік арасында, кедей мен бай арасында алшақтық болды. Заң алдында барлығының беделі бір екендігін ұмытып кеттік. Менің ойымша, кез келген заңды референдум арқылы шешу керек. Сонда Елбасы тұсындағыдай саяси қателіктер болмайды», – деді экс-министр.
Сонымен қатар, ол өзін Назарбаевқа «Елбасы» титулын берді деген сыбыс туралы сөз қозғады.
– «Ол титулды берген адам қазір жоғары қызметте отыр. Менің оған еш қатысым жоқ. Құлаққа сіңімді болып кеткен соң солай атаймын. «Елбасы» сөзін Назарбаевқа ғана қолдану қателік. Бұл – президент деген сөздің қазақша баламасы. Түріктерде «Ülkenin başı» деген сөз бар, барлық президентке сол сөзді қолданады. Сондықтан «Елбасы» деп Тоқаевты да айту керек. Қазақтың төл сөзі болғандықтан, келешек президенттерімізді де солай атаған дұрыс», – деді Құлекеев.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61