Bugin
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.
ҰҚК баспасөз қызметінішің мәліметінше, Президент Жарлыққа 17 мамырда қол қойды.
«Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін ҚР Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды», - делінген хабарламада.