Әлем
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталған жоқ, тоқтап тұр. Бұл туралы Украина Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк мәлімдеді, деп жазады Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, кез келген қақтығыс екі жақтың бітімге келуімен аяқталады.
«Украина бүгінде келіссөз үдерісіне модераторлық етуге құқылы. Келіссөз – соғыстағы маңызды құралдардың бірі ретінде қолданылады. Мұнда Украина мен ел президенті модератор болады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Подоляк Ресей «бұл соғыста жеңіске жете алмайтынын түсінуге тиіс» деп айтты.
«Олар осы соғыстың нәтижесінде бәрінен айырылады. Сол себепті мұны тоқтатуы керек», - дейді ол.