Bugin
Бүгін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы алғашқы көлік берілді. Нұр-Сұлтан қаласының Бекзат Тілеген атты тұрғыны 6,5 млн теңгеге 4 пайызбен көлік алды.
Қазір автосалондарда жеңілдетілген несие беру қарқынды жүріп жатыр.
Айта кетейік, жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау 16 мамырда басталған болатын. Жеңілдетілген автонесие бастапқы жарнасыз беріледі.