Әлем

Украинадағы соғыс қашан және қалай аяқталады – нумеролог болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нумеролог Владислав Грицай Украинадағы жағдай осы жазда жақсара бастайтынын айтты, деп жазады Bugin.kz порталы. 

Оның айтуынша, жеңісті 2022 жылдың тамыз айында жариялауға болады. Бұл жерде Ресей жеңбесе де, жағдай жақсара түспек.

Сонымен қатар ол соғыстың қалай аяқталатынын айтып берді. Украина Қырымды қайтара ала ма?

«Донбасс қаласында біраз түсініксіз оқиға болады. Бұл – көп жылдар бойы бос тұрған, 30-40 жыл бойы ештеңе болмаған жер. Егер Қырым Украинаға қосылмаса, ол жерде нейтралды әкімшілік құрылады. Қырымда төрт әкімшілік болады: украин, орыс, түрік және нейтралды, мысалыға БҰҰ-дан. Қырым әр түрлі ту астындағы кемелер баратын бейтарап мекенге айналады. Қырымды орыстарға тастап, оларды жеңдік деу де мүмкін емес. Егер ол Ресейдің құрамында қалса, ол бізге қауіпті болмақ», – деді Грицай.