Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comНұр-Сұлтан қаласының тұрғыны автобуста белгісіз ер адамның 12 жастағы қызына тиіскеніне шағымданды. Ол Instagram парақшасында күдіктіге қатысты ақпараттарды жариялап отыр, деп жазады Bugin.kz порталы.
Желі қолданушысы күдіктінің қоғамдық көлікте қызының жамбасынан сипағаны туралы жазды. Оқушы қыз анасына видеқоңырау шалғаннан кейін ғана күдікті әрекетін тоқтатқан.
Қыздың анасы полицияға да шағым түсірген.
«2022 жылдың 19 мамыры күні сағат 20:12-де «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелеттік жасқа толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы шағым түсті. Қазіргі уақытта аталған адам ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті хабарламасында.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61