Әлем
Америкалық Time журналы оқырмандары Украина президенті Владимир Зеленскийді жылдың ең ықпалды адамы ретінде таныды, деп жазады Bugin.kz порталы.
Басылым 2022 жылдың ең ықпалды 100 адамын анықтау үшін оқырмандар арасында сауалнама жүргізеді.
Зеленскийге 3,3 миллионнан астам адам дауыс берді. Бұл жалпы дауыстың 5%-ын құрайды. Былтыр осы рейтингіде Tesla және SpaceX компанияларының бас директоры Илон Маск көш бастаған еді. Ал биыл Маск 3,5% дауыспен екінші орынға жайғасты. Ал үшінші орынды Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон (3,4%) иеленді. Төртінші орын коронавируспен күресіп жатқан қызметкерлерге берілді. Ал АҚШ президенті Джо Байден жылдың ең ықпалды адамдарының рейтингісінде бесінші орынға тұрақтады.
2022 жылдың ең ықпалды адамдарының қорытынды тізімі 23 мамырда жарияланады, онда өзгерістер болуы мүмкін.