Әлем
Украинаның уақытша басып алынған аумақтарындағы басқыншылардың бейбіт тұрғындарға жасаған қиянаты Ресей азаматтарын таң қалдырған жоқ. Себебі, Ресейдің өзінде тұрмыстық сипаттағы қылмыс деңгейі өте жоғары. Бұл пікірді ресейлік оппозиционер Ольга Курносова эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Obozrevatel сайтына сілтеме жасап.
- «Ресей үшін бұл жаңалық емес. Себебі, бұған дейін неше түрлі сұмдық оқиғалар болды. Ата-аналар мас күйінде өз балаларын өлтірген жағдайлар бар. Ресейдің шет аймақтарында мұндай оқиғалар жыл сайын ғана емес, ай сайын болып тұрады! Буча мен Ирпиндегі жағдай бүкіл әлемге Путиннің қорқынышты тұстарын көрсетті. Бұл Ресейдегі кедейлік және күнделікті өмір. Білім деңгейінің құлдырауының көрінісі. Ресейдегі алкоголизм, нашақорлық, Украинаға да келді», - деді Курносова.