Bugin

Польша Ресейдің газынан толық бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жылдың соңына дейін Ресей газынан бас тартамыз деген Польша жылдың аяғын күтпей-ақ «басқыншы елдің» өнімінен толық бас тартты.

Бұл жайлы Польшаның қоршаған орта және климат министрі Анна Москва хабарлады.

«Ресейдің Украинаға жасап отырған агрессиясы бізді – поляк билігін ресей газынан толық бас тартуға себеп болды. Әрі бұл шешімнің дұрыс екенін уақыт көрсетіп берді. Газпромға сенім жоқ екенін біз әу бастан сезген едік», - деп жазды министр Twitter-де.

Поляк министрінің бұл жерде айтып отырғаны - мынау. РФ президенті Путин Еуропа мемлекеттеріне газды рубльмен сату туралы жарлық шығарған соң, Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясы Польшаға сатып алған газын рубльмен төлеуді талап еткен еді. Алайда поляктар бұған көнбеді. Содан "Газпром" Польшаға газ беруін тоқтатып тастады. 

Польша мен Ресейдің үкіметі 1993 жылы энергетика саласында келісімшартқа қол қойған еді. Енді міне, 30 жылдан кейін поляк билігі бұл келісімшартқа резолюция жариялап, шартты бұзды.

Ал поляк билігі ресей газынан бас тарту туралы шешімді 13 мамыр күні-ақ қабылдап қойған екен.

Жыл сайын поляктар орыстардан 10 млрд текше метр көлемінде газ сатып алып отырған екен.

Бірақ Польшаның газды енді қайдан сатып алатыны нақты айтылмады.